Балаларға көмек Алматы және Жетісу облыстарында көрсетілді
29.08.2024«Мектепке жол» акциясын қолдау мақсатында «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы жылдағы дәстүр бойынша кәсіподақ мүшелерінің көп балалы, жалғызбасты аналарға көмек ретінде кәсіподақ тарапынан мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын табыстады. Акция барысында филиал 70-ке жуық балаларды қуантып, алда келе жатқан жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.