Мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
28.08.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіліп, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік басқарманың кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиында кәсіподақ мүшелерін «Мемлекеттік Кірістер Комитетінің 10 жылдығымен» және «30 тамыз – ҚР Конституция күнімен» құттықтап, кәсіби салада 10 жылдан астам қызмет жасаған бірнеше қызметкерге «Еңбек озаты» төс белгілерін табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен басқарманың есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Парманова Жанат Ерсанбекқызы, басқарманың салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Абзалова Шолпан Шатайбекқызы, басқарманың салықтық әкімшілендіру және камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы Алтынбек Гүлназ Ұзақбайқызы, басқарманың өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Арқабаева Алтынкүл Мұратқызы, басқарманың салықтық әкімшілендіру және камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы Молдабеков Серик Байдүйсенұлы, басқарманың өндіріп алу бөлімінің бас маманы Абиева Гүлмира Оспанқызы марапатталды.