
Мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлері марапаттталды
28.08.2024«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – «Алтын балапан» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мекеменің кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиында кәсіподақ мүшелерін «30 тамыз – ҚР Конституция күнімен» құттықтап, балабақшаның бірқатар белсенді қызметкерлеріне кәсіподақ филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен балабақшаның педагог-психологы Қосмұратова Жанар Жақсылыққызы, «Құрмет грамотасымен» балабақшаның тәрбиешілері Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы мен Булекеева Айзада Турабекқызы, сондай-ақ «Алғыс хатпен» балабақшаның тәрбиешілері Тойлыбаева Айнұр Садыққызы мен Оразбекова Ләззат Бейбітқызы марапатталды.
