Өмірзақ ауылында кездесу өткізді
27.08.2024Бүгін түстен кейін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен Өмірзақ ауылы әкімдігінде аппарат мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесуді Өмірзақ Ауылы Әкімінің Аппараты ауыл әкімі Бисенғали Кенжеалиев ашып, жүргізді. Кездесуге салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен төрағаның орынбасары, бас есепшісі Несип Тюлендиева арнайы қатысты.
Аталмыш жиын барысында филиал төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қызмет Салалық Кәсіподағы бүгінгі таңдағы қызметі, кәсіподақтың тиімді тұстары сонымен қатар заңнамалық актілеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Несип Тюлендиева қаржылық және тиімді тұстары туралы жан жақты әңгіме өрбітті. Жиын соңында кәсіподаққа қатысты өзекті деген өз сауалдарын қойып тұщымды да тамаша жауаптарын алды. Осындай шаралар алдағы уақытта басқа да аудандарда өз мекемелерде өз жалғасын табатын болады.