Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл

23.08.2024 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиында салық және қаржы саласының ардагерлеріне, сала қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, «Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» мерекелік төсбелгісі табысталды.

Салтанатты жиында «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің үздігі» медалімен Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Шолпан Айтқожаева, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Гүлмира Ертанова, «Өз ісінің маманы» медалімен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Заңды тұлғалармен және  дара кәсіпкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы Айнұр Досымова, салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен департаменттің Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Шахмардан Байділдаев, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Нұрмет Ыдырыс  және облыстық салалық кәсіподақтың «Еңбек озаты» медалімен департаменттің Ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы Мұрат Жаденов,  құрмет грамотасымен департаменттің аудит басқарамасының бас маманы Нұржігіт Қосекеев марапатталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!