Кәсіподақ бізді біріктіреді!

Кәсіподақ бізді біріктіреді!

23.08.2024 Off By Администрация сайта

Қызмет салалық кәсіподағының елордалық филиалының құрамына кіретін ҚР Президенті Іс басқармасы Әкімшілік ғимараттар дирекциясының «БОЛАШАҚ» бастауыш кәсіподақ ұйымы тұрақты түрде түрлі кәсіподақ іс-шараларын өткізеді.

Кәсіподақ ұйымы жазғы демалыс кезінде 134 балаға «Сарыарқа» кинотеатрын жалға алды, балаларға арналған көркем фильмді тамашалады. Бәріне сусындар мен тәттілер таратылды.

Сондай-ақ, жаздың жылы күндері «БОЛАШАҚ» кәсіподақ мүшелері үшін балық аулаудан ұйымдастырылған қызықты турнир болды. Мәншүк Мәметова атындағы ауыл маңындағы Нұра өзенінде өткен турнирге  45 адам қатысты.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, балық аулау спортына қызығушылықты арттыру, балықшылар арасында тәжірибе алмасу, корпоративтік рух пен достық қарым-қатынасты нығайту.

Балық аулау – өте жақсы демалыстың түрі. Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылар көтеріңкі көңіл-күймен, позитивтілікпен, командалық рухпен, кәсіподақ ынтымақтастығымен қуатталды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар мен естелік сыйлықтар табысталды.