“Мектепке жол” республикалық акциясы аясында өткізілген шара

“Мектепке жол” республикалық акциясы аясында өткізілген шара

22.08.2024 Off By Администрация сайта

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көп балалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын жыл сайын өткізуде.

2024 жылдың 22 тамыз күні «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен 11 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көп балалы ата-аналарымен кездесті.

Кездесу барысында 19 кәсіподақ мүшесінің балаларына мектепке қажет оқу құрал жабдықтарын табыстай отырып, ата-аналарға, балаларға жақсы жетістіктер, жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі.