КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛ…

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛ…

12.08.2024 Off By Администрация сайта

Жақында Жаңа Өзен қаласының Рахат ауылында орналасқан «Жақсы» спорт кешенінде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Рахат және Теңге ауылы әкімдігі мамандары қатысуымен кәсіподақ мүшелері арасында футболдан жолдастық кездесу турнирі өтті.

Шараның шымылдығын облыстық филиалының Төрағасы осы жолдардың авторы ашып құттықтады. Бұдан соң «АРДАГЕР» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Абугали Жантилеуов, Рахат ауылының әкімі Райымбек Сырымов, Теңге ауылының әкімі Талғат Шаудирбаев құттықтап ашты. Үш сағатқа созылған жарыста жеңімпаз «Рахат» командасы бірінші орын, «Теңге» командасы екінші орын, «Жақсы» командасы үшінші орын алды. Командаларға медальдар мен Кубок, және қаржылай жүлделер тапсырылды. Сондай ақ үздік ойыншылар да марапатталды. «Осындай мәдени спорттық шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Барша осындағы кәсіподақ мүшелеріне алғыс айтамын.»дейді облыстық филиалының Төрағасы Аллаберген Қонарбаев.