Облыстық әлеуметтік басқармасы ұжымымен кездесу өткізілді

Облыстық әлеуметтік басқармасы ұжымымен кездесу өткізілді

07.08.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін түске дейін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер, бөлімдер, коммуналдық – қазынашылық кәсіпорындары басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуді басқарма бастығының міндетін атқарушы Досан Жеткізгенов ашып, жүргізді.

Кездесуге салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен төрағаның орынбасары, бас есепшісі Несип Тюлендиева және де бас маман Эльмира Сарбалаева арнайы қатысты. Аталмыш жиын барысында филиал төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қызмет Салалық Кәсіподағы бүгінгі таңдағы қызметі, кәсіподақтың тиімді тұстары сонымен қатар заңнамалық актілеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында басқармаға қарасты басшылары өз сауалдарын қойып тұщымды да тамаша жауаптарын алды. Осындай шаралар алдағы уақытта басқа да басқармаларда өз жалғасын табатын болады.