Түпқараған ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді

Түпқараған ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді

01.08.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін түске дейін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы, Түпқараған әкімдігінің мәжіліс залында Түпқараған ауданы әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелер, бөлімдер, коммуналдық – қазынашылық кәсіпорындары басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуді Түпқараған ауданы әкімдік аппаратының басшысы Нұржан Жубаназаров ашып, жүргізді. Кездесуге салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен төрағаның орынбасары, бас есепшісі Несип Тюлендиева арнайы қатысты.

Жиын барысында филиал төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қызмет Салалық Кәсіподағы бүгінгі таңдағы қызметі, кәсіподақтың тиімді тұстары сонымен қатар заңнамалық актілеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында әкімшілікке қарасты басшылары өз сауалдарын қойып тұщымды да тамаша жауаптарын алды. Осындай шаралар алдағы уақытта басқа да аудандарда өз жалғасын табатын болады.