Маңғыстау ауданындағы өкілі тағайындалды

Маңғыстау ауданындағы өкілі тағайындалды

31.07.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет»мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының Маңғыстау ауданындағы өкілі болып Аманғалиев Асқар Қатарбайұлы тағайындалды. Ол 2002 жылы 15 маусымда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келді. 2008 жылдан 2015 жылға дейін «Берекет Жұмалиев атындағы орта мектепте» білім алды, кейін 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік Мектебінде» 2020 жылға дейін білім алып 12 сыныпты аяқтады. 2020 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласындағы «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне» Ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша оқуға түстім, 2023 жылы универді аяқтады.2023 жылы 9 қазаннан бастап «Маңғыстау аудандық Мансап орталығында» «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен жұмыс жасап бастады. 2024 жылдың 6 мамырынан бастап «Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде» инспектор қызметінде жұмыс атқарып жатыр. Асқар Амангалиевке жұмысына сәттілік тілейміз.