Ақтөбе  облыстық кәсіподақтар  жанындағы еңбекші әйелдер  ісі жөніндегі комиссия  семинар  ұйымдастырды

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия семинар ұйымдастырды

25.07.2024 Off By Администрация сайта

Ақтөбе  облыстық кәсіподақтар  жанындағы еңбекші әйелдер  ісі жөніндегі комиссия  ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Адал азамат» бағдарламасына орай ақпараттық түсіндіру жұмыстары  аясында  семинар  ұйымдастырды.

Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет Басшысы Қ. Тоқаев «Адал адам» қалыптастыру идеясын көпке жеткізген болатын. Осыған орай  өңірімізде  «Бақытты қоғам» құруда  салауатты өмір салтын насихаттау, жалпыұлттық құндылықтарды насихаттау, патриотттық тәрбие, құқықтық сауаттылық  және де  қоғамда соңғы уақыттары белең алған мәселер – тұрмыстық зорлық- зомбылық, буллинг,  зиянды әдеттер, нашақорлық  сияқты бағытта  акпараттық жұмыстар жүргізілуде. 

Кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерінің  еңбек және әлеуметтік – экономикалық  әлеуеттін , олардың  өмір сүру сапасын көтеру бағытында жұмыс жасап келе жатқан бірден – бір  көпмүшелі улкен қоғамдық  ұйым  ретінде    қоғамда көтеріліп жатқан мәселердің  алдын алуға , шешімін табуда  тыс қалмайды.

24 шілде  2024 ж Кәсіподақтар орталығының  мәжіліс залында орталық жанындағы еңбекші әйелдер ісі  жөніндегі Комиссияның   ұйымдастырумен  еңбекші  қоғам назарындағы өзекті  мәселелер  – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жаңа заңға  енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға, лудомания ,буллинг , нашақорлық   мәселелеріне арналған семинар  өтті. Семинарға  қатысқан  кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне  Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі Комиссия мүшелері  қатысып  көтерілген  мәселелер бойынша  мағлұматтар берді. 
Өз кезегінде  еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссия төрайымы, «Қызмет » салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрайымы  Мұхтарита Сағындықова  биылғы  отбасылық зорлық – зомбылыққа қарсы заңға енген  өзгертулер мен толықтыруларға  байланысты еңбек кодексіне де біршама түзетулер енгізілгенін, ең бастысы әйелдердің әлеуметтік еңбек құқытарының сақталуына кәсіподақ тарапынан мейлінше қолдау жасалып отырғаны  ерекше атап өтті.


Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Нұрсауле Жылқыбаева,  ,Отбасы сақтау орталығының кәсіби мелиаторы Еркін Шукурова,  облыстық мәслихаттың бөлім меңгерушісі Бақыт Жанша, Ақтөбе облысы бойынша адам құқытарын қорғау жөніндегі уәкіл Ақалқа Байдуллина т.б. қоғамдағы келеңсіз жайттардың алдын алу, отбасы құндылықтарын сақтау, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, зиянды әдеттер,нашақорлық, лудомания т.б. алдын –алу туралы өз ұсыныстарын,ойларын ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының  инспекторы , полиция подполковнигі Ақгүл Қасанғалиева биыл жыл басынан отбасындағы қылмыс саны біраз артқанын атап өтті.
« Жыл басынан бері облыс бойынша отбасында тұрмыстық  зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты 16 жайт тіркелді.   Жалпы заңның негізгі мақсаты – тұрмыстық саладағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, адамдардың өздерінің әрбір әрекетіне деген жауапкершілігін арттыру «,деп атап өтті Ақгүл Қасанғалиева.
Отбасынан зәбір көрген әйелдерге облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен полиция қызметкерлері тұрақты түрде ақпараттық көмек беріп келеді.Осы орайда кәсіподақ жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері де өз үлестерін қосып,ақпараттық жұмыстарға белсенді үлес қосуда, деп атап өтті комиссия төрайымы М. Сағындықова.
Кездесуде жастарды адалдыққа,ел игілігі үшін адал еңбек етуге, өз еңбек құқықтарын қорғай білуге, қоғамды ізгілендіруге үлес қосуға бағытталған оң бастамалар айтылды.