Кәсіподақ көшбасшылары іс-тәжірибелерімен бөлісті

Кәсіподақ көшбасшылары іс-тәжірибелерімен бөлісті

27.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының кестесіне сәйкес, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шым қала» тарихи-мәдени кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының іс-тәжірибесімен танысу мақсатында қала күні мерекесіне орайластырылған «2200 жылдық тарихы бар Шымқала» атты іс-шараға филиал құрамындағы 30-дан астам мүшелік ұйым мекемелерінің кәсіподақ белсенділері қатысты.

Шым қала тарихи-мәдени кешені мегаполистің көне тарихын баяндайтын бірден-бір орталық. Осы жерде Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихын айшықтайтын көне жәдігерлер табылған. Кешен қазір туристерді қабылдап, көне мәдениет пен өткенді насихаттауда көш бастап тұр.
Шымкент туристік кешенінің інжу-маржаны жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген ескі Шымкент қалашығы (цитадель) болып табылады.
Қазіргі уақытта цитадельдің сақталған қалдықтары 40х50 метр және орташа биіктігі 25 метрден асады. Шахристанның мәдени қабаттары бүгінде екі-үштен бес-алты метрге дейін.

Сыртқы қорғаныс қабырғалары мұнаралардың қалдықтарымен биіктігі бір жарым-екі метр болатын жер білігінің қалдықтары түрінде сақталған.
2021 жылғы наурызда Цитадель орнында тарихи-мәдени кешен құрылды, ал 14 сәуірде бұл мекеме «Шым қала» деген атпен мемлекеттік тіркеуден өтті.
Кешенді жасаушылар цитадельдің Тарихи дизайны мен архитектурасын жүзеге асыруға тырысты. Сауда қатынастарын дамыту және қолдау үшін қажетті шарттардың бірі болған әртүрлі ғимараттардың бастапқы орналасуы, бекініс жүйесі сақталған.
Осы тарихи кешенде іс-тәжірибе алмасу жиынын «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов ашып, әрі қарай «Шым қала» тарихи-мәдени кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сыпатаева Күнсұлу бастаған топ тарихи кешенмен таныстыру бойынша бағдарламаға сәйкес, қатысушыларды киелі орындармен рет-ретімен аралатып, олардың тереңде жатқан тарихтарымен таныстырып, рухани байлықтарын арттыруға барынша үлес қосты.
Ия, осылайша барлық қатысушы туған өлкенің тарихын білу әрбір азаматтың парызы екенін сезініп, жоғары көңіл күймен тарасты.