Қазалы ауданында мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне орай салтанатты шара өтті

Қазалы ауданында мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне орай салтанатты шара өтті

26.06.2024 Off By Администрация сайта

Қазалыда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Республикасының полициясы күні кәсіби мерекелеріне орай салтанатты шара өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен мерекелік шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізіп, туған жердің дамуы мен қоғамның тыныштығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің төсбелгілерін, облыс және аудан әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарын және «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін табыстады.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен кәсіподақ мүшелері Майдакөл ауылдық округінің әкімі Қонысбек Құрманбаев және Арықбалық ауылдық округінің әкімі Маулен Қайруллаев марапатталды. Сонымен қатар Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы, Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Мереке Табынбаева облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздарымен қатар, өнерлі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері де өнер көрсетіп, жиылғандарға ерекше, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

.