Спартакиаданың волейбол спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың волейбол спорт түрінен жарыс өтті

26.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың волейбол түрінен жарыс өткізіліп, 4 топқа бөлінген 18 команда қатысты.

Ереже бойынша команданың құрамында 12 адам, оның ойын алаңында алаңда 4 ер адам, 2 қыз, 6-уы қосалқы болып, 2 қыз алаңда ойнауы шарт. Ойынның ұзақтығы – 3 партиядан, оның 1-ші және 2-ші партиясы 25 ұпайға дейін, 3 партия 15 ұпайға дейін есеппен жүргізіліп, партия арасындағы 2 минуттық үзіліс жасап, барлық ойындар волейболдан қолданыстағы FIVB қағидалары бойынша өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген үш команда «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған жалпы 180000 теңгенің сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.

Атап айтқанда:
І-орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек жетекшілік жасайтын «Жалын» командасы иеленіп, оған 80000 теңге сыйақы табысталды.
ІІ-орынды Шымкент қаласы әкімінің аппараты командасы иеленіп, оған 60000 теңге сыйақы табысталды.
ІІІ-орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Кәрімов жетекшілік жасайтын «Барыс» командасы иеленіп, оған 40000 теңге сыйақы табысталды.