Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

25.06.2024 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Күшті, заманауи, сапалы мемлекеттік қызметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі ерекше. Әрбір мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бүгін Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов бірқатар мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісі Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Жүнісова Роза Талғатқызына, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық облыстық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы Мұстафаева Гүлсім Жұмашқызына табысталды.

Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының және кент, ауылдық округтердің, дербес бөлімдердің үздік қызметкерлері облыс және қала әкімінің «Алғыс» хаттарымен марапатталды.