Жалағаш ауданында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Жалағаш ауданында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

25.06.2024 Off By Администрация сайта

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет, қоғам мен мемлекет тарапынан артылған сенім.

Осы сенім жүгін арқалап, абыройлы қызмет атқарып, егеменді еліміздің дамуына өз  үлесін қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлер Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бибітжан Ахметов,  Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Зухра Ильясова «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шарада табыстады.

Бұл төсбелгі қызметтік міндеттерін үлгілі және мінсіз орындағаны, мемлекеттік қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу және ынталандыру мақсатында 2021 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен келісіле отырып дайындалып алғаш рет табысталған болатын.