Бас кеңес ҚРКФ қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру барысын қарастырды

Бас кеңес ҚРКФ қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру барысын қарастырды

25.06.2024 Off By Администрация сайта

Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің басшылығымен ҚРКФ Бас кеңесінің  отырысы өтті. Оның барысында ҚРКФ қызметінің 2020-2025 2025 жылдарға арналған «Әділдік пен дамуға бірлікте» стратегиясын іске асырудың ағымдағы нәтижелері қаралды. Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің мүшелері стратегияны іске асыруда, оның ішінде қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсарту саласындағы қол жеткізілген ілгерілеуді талқылап, талдау жасады.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов өз саласында ҚРКФ Стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

2018 жылдан бастап «Қызмет» кәсіподағының саны 20 мың мүшеге өсті, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  8 мың 600 адам қосылып, 11% – ға артты. 2022 жылдан бері 244 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды (2022 жылы – 90, 2023 жылы-154).

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Қызмет» кәсіподағы мүшелерінің саны 97 016 адамды құраса, жыл соңына дейін салалық кәсіподақ мүшелерін 100 мыңнан астам адамға жеткізуді жоспарлап отыр.

Мирболат Жақыпов әлеуметтік әріптестік саласындағы жетістіктерге тоқтала отырып, 2022 жылдың наурыз айында «Қызмет» салалық кәсіподағы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арасында 2022-2024 жылдарға арналған Салалық келісімге қол қойылғанын айтты. 2022 жылдан бері салада 969 келісім жасалды, оның 69-ы – облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі өңірлік салалық келісімдер.

«Салалық келісімдер – еңбек жағдайын, жалақы және әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартуға бағытталған ұжымдық шарттарға қол қоюдың бастапқы нүктесі, алғышарты. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы бойынша салалық кәсіподақ филиалы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұрағат қызметкерлеріне 25 пайыздық үстемеақыға қол жеткізді», – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрағасы.

Кәсіподақ ұйымының елеулі жетістіктерінің қатарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне үстемеақылардың 15-тен 60%-ға дейін ұлғаюы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысының көтерілуі аталды.

Сонымен қатар, спикер атап өткендей, өткен жылы Дүниежүзілік банк сарапшыларымен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау мәселелері бойынша салалық кәсіподақ бірқатар түйткілді мәселелерді, оның ішінде негізгі лауазымдық жалақыны жоюға қатысты  және жалақыны есептеу кезінде ең төменгі жалақыны пайдалану, ең төменгі жалақыны ХЕҰ стандартына дейін ұлғайту, медициналық-әлеуметтік мекемелердің дәрігерлері мен мұғалімдерін денсаулық сақтау және білім министрліктерінің дәрігерлері мен мұғалімдері мәртебесіне теңестіру және т.б. мәселелерді көтерген болатын.

Қызмет салалық кәсіподағы өз  мүшелерінің санын арттыруға үлкен көңіл бөледі, кәсіподақтық 5-тен 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен түрлі қызметтерді көрсетуді көздейтін «Кәсіподақ серіктесі» жобасын бірқатар өңірлерде сәтті жүзеге асыруда.

Бас кеңес мүшелері ағымдағы жағдаймен және кәсіподақ ұйымдарының жұмыс нәтижелерімен таныса отырып, ҚРКФ 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиясын іске асыру шеңберінде қабылданған шараларды мақұлдады, сондай-ақ барлық басым бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин отырысты қорытындылай келе,  кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы қызметінің нәтижелерін жоғары бағалап, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде кәсіподақтардың бірлігінің маңыздылығын атап өтті.

ҚРКФ Медиа-орталығының материалдары бойынша