«Қызмет» салалық кәсіподағының көшбасшысы  мемлекеттік қызметшілерді мерекесімен құттықтады!

«Қызмет» салалық кәсіподағының көшбасшысы мемлекеттік қызметшілерді мерекесімен құттықтады!

24.06.2024 Off By Администрация сайта

23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Бұл күні мемлекеттік қызметшілер құттықтаулар мен ізгі тілектерді қабылдайды. Кез келген мемлекеттің дамуы мен табысы, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің жемісті жұмысына байланысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов «ҚР Президенті Әкімшілігі және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымына барып, құттықтады.

Салалық кәсіподақ жетекшісі қатысушыларға мемлекеттік қызметке адалдығы мен жұмысы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Қазақстан Республикасының нығаюы үшін халыққа қызмет ету жолында зор денсаулық, кәсіби өсу, амандық, қажырлы еңбекте сәттілік тіледі.

«Қызмет» салалық кәсіподағының ең белсенді мүшелеріне кәсіподаққа белсенді қатысқаны үшін марапаттар табысталды.