Спартакиаданың қазақ күресі спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың қазақ күресі спорт түрінен жарыс өтті

24.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың қазақ күресі түрінен жарысқа -74 кг, -82 кг, -90 кг, +90 кг (90-110 кг) салмақ дәрежелеріндегі палуандар қатысып, жарыс Qazag kuresi ассоциациясының қағидалары бойынша өткізілді.
Нәтижесі бойынша жеңіс тұғырынан көрінген -74 кг, -82 кг, -90 кг, +90 кг (90-110 кг) салмақ дәрежелеріндегі 4 палуан анықталып, олардың әр қайсысы «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған 20000 теңгенің сыйақысына ие болып, оларға филиал төрағасы С.Әуесханов жалпы 80000 теңге сыйақы табыстады.
Атап айтқанда:
-74 кг салмақ дәрежесінде І-орынды Шымкент қаласы әкімінің аппараты командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.
-82 кг салмақ дәрежесінде І-орынды Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.
-90 кг салмақ дәрежесінде І-орынды Абай ауданы әкімінің аппараты командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.
+90 кг (90-110 кг) салмақ дәрежесінде І-орынды Тұран ауданы әкімінің аппараты командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.