Спартакиаданың тоғызқұмалақ спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың тоғызқұмалақ спорт түрінен жарыс өтті

24.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың тоғызқұмалақ түрінен ұлдар және қыздар арасында жарыс өткізіліп, жарыс жекелей есепте реттелмелі швейцар жүйесімен жүргізіліп, турлардың саны қатысушылардың қатысуына байланысты, мандат коммисиясы отырысында анықтап, классика түрінен әр ойыншыға 1 сағат уақыт беріліп, жеребе әр тақта бойынша бөлек өткізілген.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін, жарысты өткізу жүйесіне байланысты жекелей есепте: ұпайлар саны, жеке кездесу, прогресс коэффициенті, бухгольц коэффициенті көрсеткіштері бойынша қолданылған.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан екі команда «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған жалпы 40000 теңгенің сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.

Атап айтқанда:
Ұлдар арасында тоғызқұмалақтан өткен жарыста І-орынды Тұран командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.
Қыздар арасында тоғызқұмалақтан өткен жарыста І-орынды Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.