Спартакиаданың жүзу спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың жүзу спорт түрінен жарыс өтті

24.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың жүзу түрінен ұлдар арасында (2 ұл) 50 метрге еркін жүзу және 50 метрге арқамен жүзу, қыздар арасында (1 қыз) 50 метрге еркін жүзу бойынша жарыс өткізіліп, жарыс тәртібі қолданыстағы FINA қағидалары бойынша жүргізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген Абай ауданы әкімі аппаратының командасы «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған жалпы 30000 теңгенің сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.