«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет»!

«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет»!

24.06.2024 Off By Администрация сайта

«ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Жетісу облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының қатысуымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында кездесу өткізді.


Кездесуге мемлекеттік қызметкерлер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, кәсіподақ мүшелері қатысты. Жиын барысында салалық келісім және меморандум аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар берілді. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбектегі құқықтарын қорғау, білімдерін жетілдіру, үнемі ынталандырып, қызметі бойынша жоғарылату – бүгінгі күннің басты принциптерінің бірі болып саналады. Кәсіподақ тарапынан өзінің мүшелеріне бұл бағытта әрдайым қолдау көрсетіліп отырады.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, белсенді кәсіподақ мүшелеріне Орталық комитеттің және филиалдың медальдары, төсбелгілері мен құрмет грамоталары табысталды.