ШҚО-да «Қызмет» кәсіподағы Мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады

ШҚО-да «Қызмет» кәсіподағы Мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады

21.06.2024 Off By Администрация сайта

Күршім ауданы – Шығыс Қазақстан облысының шалғай жатқан аудандарының бірі. Аудан халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және балық аулау шаруашылығымен айналысады. «Қызмет» салалық кәсіподақтарының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тлеубаев Д.Ә. Күршім ауданына іс-сапармен барып, аудан активімен кездесті.

Кездесуде сөз алған облыстық кәсіподақ көшбасшысы жиналғандарға ҚР кәсіподақтар федерациясының, «Қызмет» салалық кәсіподақтарының, облыстық филиалдың жұмыскерлердің құқығын қорғау аясында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Кездесудің соңында облыстық филиалдың төрағасы мемлекеттік қызметшілерді алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ал үздік кәсіподақ мүшелері Құрмет Грамоталарымен мараппатталды және оларға демалыс базасына жолдамалар тапсырылды. Аудан әкімінің аппарат басшысы Дүзбаев С.С. кездесуге қатысушылар атынан облыстық салалық кәсіподақ төрағасына алғысын білдірді.