Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы

Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы

21.06.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың 20 маусым күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысына қатысты.
Отырыс Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында өтті.

Жиынға тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Хаируллина және басшы лауазымындағы мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік басқарудың сабақтастығын қамтамасыз етіп, өткен жылдардағы үздік тәжірибемен алмасу болып табылады.
Күн тәртібіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің құзіреттерін дамыту бағытындағы ұтымды тәжірибе, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің рухани-адамгершілік құндылықтары туралы мәселелер қаралды.