Полиция департаментінде медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Полиция департаментінде медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

21.06.2024 Off By Администрация сайта

Медицина қызметкерлерінің күніне орай 14 маусымда Қызылорда облыстық Полиция департаменті емханасының қызметкерлерін құттықтау шарасы  өтті. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров  ІІМ-нің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан улесі үшін» медалімен емхананың стоматолог дәрігері Ғабит Тасмағанбетовті және  «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағының «Еңбек озаты» медалімен емхананың бактериолог дәрігері Гүлнар Ахметованы марапаттады.

Сонымен бірге Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының құрмет грамотасымен дәрігер психиатор Гаухар Рахметова, клиникалық лаборант  Гаухар Бақбергенова. облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Ақбота Аймағанбетова марапатталды.