Кәсіподақ ұйымының ХVIII есеп беру- сайлау конференциясы өтті
20.06.2024«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық кәсіподақ ұйымының ХVIII есеп беру- сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына 31 бастауыш ұйымнан сайланған 31 делегаттың 29 қатысты. Жиынды «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымның төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Хаметов Қасымбек Тұрсынбайұлы есепті кезеңде атқарылған жұмыстарды, жіберілген кемшіліктерді баяндады. Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа құрамы, тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Жаңа мерзімге аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Хаметов Қасымбек Тұрсынбайұлы бірауыздан қайта сайланды.
Жаңа мерзімде жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!