Құрбан мерекесіне орай зиярат жасап

Құрбан мерекесіне орай зиярат жасап

18.06.2024 Off By Администрация сайта

Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері – нің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Miledy» қоғамдық қорының мүшелері және ерекше баласы бар аналарының қатысуымен Шопан ата мен Бекет ата басына арнайы зиярат жасау шарасы өтті.

Шараға 30 ана қатысып, қасиетті де киелі орындарды аралап, әулие, пір соңы Бекет Мырзағұлұлы мәңгілік мекен еткен жеріне барып, әруағына арнайы құран бағыштады.
Зиярат шарасына облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев қатысты.
Шара соңында ерекше баласы бар аналар салалық кәсіподақ басшылығына ризашылықтарын білдірді. Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар.