Филиал төрағасы аттестат тапсырды

Филиал төрағасы аттестат тапсырды

15.06.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін Ақтаудағы № 21 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру шарасына «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының Төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қонарбаев арнайы қатысып, жас түлектер қуаныштарына ортақтасты.

Алдымен шарада филиалдың төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қонарбаев пен аталмыш мектеп директоры Бексултан Майрамов жас түлектерге ақ тілектерін арнады. Шара барысында Аллаберген Қонарбаев пен мектеп басшысы Б. Майрамов мектеп жас түлектеріне аттестаттар табыс етті.