“Өз ісінің маманы” марапатталды

“Өз ісінің маманы” марапатталды

14.06.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін 14 маусымда Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамалары орталығы Оңтүстік Шығыс аймағы бойынша филиалында салтанатты түрде өткізілді.

Салалық кәсіподақтың жаңа үлгідегі “Өз ісінің маманы” медалімен күрделі сараптама бөлімінің сот медициналық сарапшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Нургалиева Жанна марапатталса, бірқатар белсенді әріптестеріміз Салалық кәсіподақтың және филиалының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шарада күмбірлеген күй де, әсем ән шырқалды.