Қайырымдылық шараға үлес қосты..

Қайырымдылық шараға үлес қосты..

03.06.2024 Off By Администрация сайта

Кеше жексенбіде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар жақсылық, балаларға» атты денсаулығында ақауы бар балаларға арналған қайырымды шарасы өтті. Шараны «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ұйымдастырды.

Бұл шарада филиал төрағасы Аллаберген Қонарбаев Ақтаудағы онға жуық отбасы балаларына азық түліктер мен тәттілер таратты. Ерекшелігі бар балалар кәсіподақ ұйымына өз ризашылықтарын білдіріп, ал аналары алғыстарын айтты. Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар.