Біз бәріміз бала кезден келеміз!
31.05.20241 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл ерекше қуаныш пен жылылыққа толы мереке. Бұл дүниеде балалардан маңызды ештеңе жоқ. Бұл мереке жас ұрпақты сүюге, қамқорлыққа, қорғауға шақырады. Балалар – еліміздің болашағы.
Балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметкерлері арасынан шыққан көп балалы отбасыларға сертификаттар, ал барлық кәсіподақ мүшелеріне тәтті сыйлықтар табыс етті.
Қорытындылай келе, бәріміздің жүрегіміз баламыз, жұмысымыз қаншалықты салмақты болса да, қанша жаста болсақ та, бәріміз бала кезімізден келетінімізді есте ұстауымыз керек.