Зейнеткерлік жасқа келген ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді
28.05.2024Кестеге сәйкес, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының білім басқармасының «№95 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мекеменің директоры М.Әбілдәнің және кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Жупарбекованың қатысуымен кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында кездесіп, олардың қалжағдайларымен танысты.
Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша еңбек қатынастары туралы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуден кейін оқу жылын қорытындылаған жиын өтіп, зейнеткерлік жасқа жеткен мерей той иелерін құттықтау кешіне ұласты.
Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Мүсілім Әбдісаматұлы және салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Елемесұлы жиынға қатысқан мұғалімдерді оқу жылын сәтті аяқтауымен және зейнеткерлікке шыққан ұстаздарды мерей тойларымен құттықтап, наградалар табыстады.
Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгілері: зейнеткерлік жасқа толған ұстаздар Бастарбек Мамбетовке, Аякөз Ибрагимоваға, Салтанат Абишеваға және мектеп директоры Мүсілім Әбілдәға табысталға, ал «Құрмет грамоталары»: Алия Батырбаеваға, Гулмира Ибрагимоваға, Ләззат Бектайға, Айгул Жупарбековаға, Гүлчехра Уразоваға, Клара Жанарбаеваға және «Алғыс хаттары» Динара Каухароваға, Мейрамкул Сейдазимоваға, Ақжигит Тулегеновке, Арман Жахановқа, Маржангул Бердикуловаға, Мадина Джанбуршиеваға марапатталды.