Жаңа бастауыш ұйым филиал қатарында!
28.05.2024Қалалық мекемелерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу -филиалдың тұрақты түрде жүргізіліп отырған жұмысының бір саласы.
Бір ай бойы қалалық Еңбек мобильділігі орталығында жан жақты келіссөздер жүргізілді. Қызметкерлерді әлеуметтік көмек түрлері, сауықтыру, ұжымдағы еңбек қауіпсіздігі т.с.с. өзекті мәселелер толғандырды. Ұжымдық шарттың әр тарауына зейін қойып, ұжым болып талқыланды.
Нәтижесінде Еңбек мобильдігі орталығында жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, төрағасына «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі Мансап орталығының Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Қазыбаева Гульзира Өтемісқызы сайланды, 95 адам кәсіподақ мүшесі қатарында!