«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Цирк қызметкерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Цирк қызметкерімен кездесу өтті

24.05.2024 Off By Администрация сайта

Кестеге сәйкес, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына барып, кәсіпорнының директоры Н.Әділхановтың және кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Смаилованың қатысуымен кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында кездесіп, олардың қалжағдайларымен танысты.

Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша: Ұжымдық шарт түзу, Келісу комиссиясын құру, Өндірістік Кеңес құру, олардың жұмыстарын жүргізу, лайықты еңбекке лайықты жалақы алу мәселесі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы, сондай-ақ еңбек қатынастары бойынша әдістемелік және құқықтық көмек көрсету, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.


Жиын барысында кәсіпорын директоры Нұрлан Ыдырысұлы және салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Елемесұлы жиынға қатысқан қызметкерлерді «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіпорынның қызметкерлері мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгілері «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының цирк әртісі Қалметова Жанат Нармұханбетқызына және «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Әртістік қамтамсыз ету бөлімі бас дирижері Аппазов Жандос Еркінбекұлына, сондай-ақ бірқатар белсенді қызметкерлерге кәсіпорын басшысының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары» табысталды.

Жиын соңында мәдениет саласының құрметті қызметкері, ардагер Асқар Әлихан мен ұжым басшысы Нұрлан Ыдырысұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына ризашылықтарын білдіріп, шынайы алғыстарын жеткізді.