Аналар күні аталып өтті

Аналар күні аталып өтті

20.05.2024 Off By Администрация сайта

Елімізде мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» (мамырдың екінші жексенбісі) мерекесімен толықтырылды. Аналар күні – ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.

Осы мерекеге орай №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мекеме қызметкерлері арасынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері батыр аналарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.

«Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының алғыс хатымен Гүлнәр Махамбетжан, Сұлукүл Жұмағұлова, Ақмарал Маймақова марапатталды.

Мерекелік шара әсем әнмен жалғасын тапты.