Алғаш рет аналар күні Ақтөбеде кеңінен аталып өтті
20.05.20242024 жылғы 16 мамырда сағат 14.00-де «Sarqyt» мейрамханасында Аналар күніне арналған «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік шара өтті.
Шараға облыс басшылығы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, түрлі салада еңбек ететін үздік аналар және Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М. Сағындықова мен комиссия мүшелері де қатысты. Мерекелік іс-шарада ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бибігүл Ағыбаева да ақтөбелік аналарды құттықтады.
Шара барысында үздік 20 әйел облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында артурли салада жетистикке жеткен жандардын аналары мадакталып, керемет конил-куй сыйлаган мерекелик багдарламадан кейин аналар ыстык ыкыластарын білдіріп, баталарын берді.
Салтанатты іс-шарада жиналғандарға Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова, өзінің үш перзентінен басқа, 25 бала тәрбиелеп-өсірген Амангүл Ешпанова сынды аналар туралы бейнесюжеттер ұсынылды, сондай-ақ «Аққу» би ансамблі, «Шашу» ансамблі т.б. өнерлерін көрсетті.