12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні

13.05.2024 Off By Администрация сайта


Мейіргер – мәртебелі мамандық. Мейіргердің қызметі әрдайым сұраныста, кез келген медицина ұйымында олардың орнын бірде-бір маман алмастыра алмайды. Мейіргердің мамандығы өте маңызды. Бұл  заманауи жан-жақты білімді, мамандығы бойынша дағдыларды меңгеруді, төзімділік пен шыдамдылықты, өзгеге жанашырлықпен қарауды талап етеді. Мейіргерге жүктелген міндеттер оның мамандығын сан қырлы етеді.

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағынына қарасты Қызылорда облысы Полиция департаментінің емханасында кәсіби мереке аталып өтті.

Мерекеге орай «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» медалімен емхананың мейірбикесі Асель Уманова, құрмет грамотасымен  емхананың санитарлық эпидемиологиялық станциясының бактериологиялық  лаборанты Айгерім Жаппасбаева және облыстық әскери даярлау комиссиясының медициналық тіркеушісі Гүлжанат Төлебаева марапатталды.