Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші!
13.05.2024
Еңбеккер бейнесі айдарында Ешепетов Жетербай
«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, еңбек етеді. Ешепетов Жетербай адал еңбекке 43 жылын арнапты. Оның 20 жылын мемлекеттік қызметке жұмсады. Күш-жігерін, тәжірибесін аямай елге қалтқысыз қызмет етті.
Ешепетов Жетербай 1961 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1981 жылы Қазалы ауданы, Майдакөл совхозында есепші болып бастаған. Екі жыл әскерлік борышын өтеген соң, 1984 жылы Майдакөл совхозына есепші болып қайтадан жұмысқа орналасады. 1987-1997 жылдар аралығында Ү.Түктібаев атындағы совхозда есепші, 1997-2001 жылдар аралығында «Майдакөл шаруа қожалығы» және «Нұрталап-2 ЖШС» есепші қызметін атқарды. Ал 2004 жылдың ақпан айынан бастап «Қазалы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарды.
Қызылорда облысы әкімінің, бірнеше рет Қазалы ауданын әкімінің алғыс хаттарымен, 2023 жылы Қазалы ауданының 95 жылдық төсбелгісімен марапатталды. 2024 жылы сәуірде «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
Жетербай Ешепетов даналықтың, даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, өз ісін абыроймен атқара білді. Бүгінде құрметті демалыста. Отбасы да басқаларға үлгі, өнеге тұтарлық. Ол қазір – тәрбиелі ұл-қыз өсірген өнегелі әке, немерелерінің қуанышына бөленген ұлағатты ата.