Ел игілігі үшін еңбек еткен
13.05.2024Еңбеккер бейнесі айдарында Құтмамбетов Марат
Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені анық. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлейді.
Туған өлкесін қадірлеп, оның өсіп өркендеуіне өзінің қажырлы еңбегімен, табандылығымен және туған ауылына арнаған бүкіл өмірімен ауылдастарының, әріптестерінің, елдің құрметіне ие болған «Қызмет» салалық кәсіподағының белсенді мүшесі, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінің әкімі Құтмамбетов Марат Хангенеұлы.
М.Құтмамбетов 1962 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылдық кеңесінде дүниеге келген, білімі жоғары. 1986 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалын «инженер – гидротехник» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1980 – 1981 жылдары Жамбыл балық колхозында балықшы болып бастаған, 1988-1990 жылдары Жамбыл балық колхозында инженер гидротехник, экономист; 1990-1991 жылдары Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында бас инженер; 1992-1997 жылдары Жамбыл балық ұжымшарында экономист, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы; 1997-2003 жылдары Жамбыл өндірістік кооперативтің төрағасы болып еңбек етеді. 2003 жылдан Мергенсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіне-10 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, 2022 жылы желтоқсан айында «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
Жалпы еңбек өтілі 39 жыл болса, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 21 жыл. Осы жылдар ішінде М.Құтмамбетов 2 рет жанама сайлау арқылы сайланса, 2021 жылдың 25 шілдесінде әкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен дауыс беруімен, ел сенімімен 4 жылға қайта сайланды.
Осы орайда ел игілігі үшін атқарар еңбегіңіз жемісті, берекелі, әрбір бастамаларыңыз оң, сәтті болсын деп тілейміз.