Кәсіподақ ардагеріне құрмет көрсетілді

Кәсіподақ ардагеріне құрмет көрсетілді

18.04.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Шым қала» тарихи-мәдени кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу сәті сәрсенбінің сәтті күніне – мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Балқыбекқызы Сыпатаеваның 60 жасқа толған мерейлі күніне тұспа-тұс келді.

Мерейлі сәтке байланысты салалық кәсіподақ филиалы тарапынан мекеменің кәсіподақ төрайымы Күнсұлу Балқыбекқызына «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісі және ұжым атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Бүгінде Күнсұлу Сыпатаеваның кәсіподақ мүшелігіндегі өтілі 43 жылдан асып, құрметті кәсіподақ ардагері қатарына қосылып отыр.
Мекемедегі ұжым мүшелері толығымен 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кірген.

Мекеменің жұмыс берушісі – директоры мен жұмыскерлер атынан – бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа және 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өтен.
Кәсіподақ төрайымы Күнсұлу Балқыбекқызының белсенді жұмыс жасауының нәтижесінде, мекемені үздік бастауыш кәсіподақ ұйымының деңгейіне көтерді.
Марапат құтты болсын!