Семинар оқу өтті

Семинар оқу өтті

01.04.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың 29 наурыз күні Қызылорда облысы, Жалағаш  ауданында  кәсіподақ белсенділері арасында семинар оқу өтті. Семинарға «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, төраға орынбасары Кеңес Махамбетов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Жұпар Баймаханова, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, келісу комиссиясының мүшелері, барлығы 25 адам  қатысты.

Облыстық филиал төрайымы Сәуле Тұрсынбаева 2023 жылы атқарылған жұмыстармен, кәсіподақтың  алдағы уақыттағы  жұмыс жоспарымен таныстырып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жұмыскерлерге тиімді де ұтымды ұжымдық шарт жасалуын және оның орындалуын бақылауды,  тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы кәсіподақ мүшелерін қолдап, көмек көрсетілуін,  кәсіподақ мүшелері мен оның балаларын сауықтыру бойынша жұмыстарды белсенді атқарылуын  т.б. алға қойылған міндеттерді нақтылады.

Басқосуда «ҚР Еңбек кодексі. Жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында оқу өткізілді. Облыстық филиал төрағасының орынбасары, білікті заңгер Кеңес Махамбетов оқуға қатысушыларға еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері,  бірлесіп жұмысқа орналастыру, өндірістік қажеттілік,  жұмыс уақыты және оның түрлері, жылжымалы жұмыс кестесі, үстеме жұмыстардың шекті саны,  еңбекке сағат бойынша ақы төлеу, бос тұрып қалуына байланысты жұмысқа қайта қосылу тәртібі, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу  т.б.туралы слайд материалдарын көрсете отырып түсіндірді. Сондай-ақ жеке еңбек дауы, келісу комиссиясының жұмыс тәртібі, ұжымдық еңбек дауы мен татуластыру комиссиясы туралы да айтылды. Оқуға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар  берілді.

Семинар соңында зейнеткерлік жасқа келген аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Жұпар Баймаханова мен Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Райкүл Омановаға облыстық кәсіподақ атынан арнайы құттықтаулары мен сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен«Наркескен» спорт клубының нұсқаушы спортшысы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлшат Басығараева,  Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляззат Науханбаева,  Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақтаң Ерсұлтанов, Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Шәменов ауылдық округі әкімі аппаратының статист-есепшісі, кәсіподақ ұйымының төрағасы Ардақ Сыдық, «Аққыр ауылдық округі әкімі аппаратының статист-есепші, кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілхан Қозбағар, Облыстық салалық кәсіподақтың алғыс хатымен  Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының  кеңесшісі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Назерке Құлымбай  марапатталды.