Еңбекші әйелдерге лайықты құрмет көрсетілді
08.03.2024«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен қаланың тазалық жұмыстарын жүргізетін 100-ден астам жұмысшы әйелдерді Шымкент қаласының «Дельфин» дәмханасында арнайы жазылған дастарханда басын қосып, оларды 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар табыстады.
Аталған жиынға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ белсенділеріне наградаларын табыстады.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көңіл көтерген жалпы биге жалғасты.

