Қорытындылар шығарылды, міндеттер қойылды
28.02.20242024 жылғы 28 ақпанда Шымкент қаласында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Орталық Кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Орталық кеңестің, Атқарушы комитеттің мүшелері қатысты.
Орталық кеңестің отырысында «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов 2023 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары мен 2024 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндады.
Ол өз сөзінде 2023 жылы Салалық кәсіподақтың барлық күш-жігері қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайтуға, оның имиджін және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері арасындағы тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл жұмыс белгілі бір нәтижелер берді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қызмет» кәсіподағына жаңа 154 бастауыш ұйым 7093 мүшелері бар қосылды. Сонымен қатар кәсіподақтан әртүрлі себептермен 2012 қызметкер шықты. Нәтижесінде кәсіподақта 5 мың мүшеге артып, 96,3 мыңнан астам сан құрады. Кәсіподақ мүшелігін арттыру бойынша белсенді жұмыс Астана мен Шымкент қалалары, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының «Қызмет» салалық кәсіподағының филиалдарында және «БанкЦентркредит» АҚ-да жүзеге асырылды.
Орталық мемлекеттік органдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында да жақсы динамика байқалды, атап айтқанда: Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Цифрлық даму, Туризм және спорт, Ұлттық экономика және т.б. министрліктерде.
2023 жылы Салалық кәсіподақ өз мүшелеріне 166 млн тг көлемінде әлеуметтік көмек көрсету және түрлі іс-шаралар өткізу бойынша нақты жұмыстар атқарып, қолдау көрсетті. Және ұжымдық шарттарды орындауына 203 млн тг жұмсалып, кәсіподақ мүшелеріне қайтып, пайдасына тиді.
Салалық кәсіподақтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарында бекітілген барлық іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. Көптеген жоспардан тыс, соның ішінде кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар өткізіліп, ұйымдастырылды. 561 мәдени-бұқаралық іс-шара, оның ішінде 3 республикалық «Үздік ұжымдық шарт – 2023», «Халық бюджеті – 2023» байқауы және Республика күніне арналған балалар суреттері байқауы өткізілді.
Сондай-ақ, Орталық Кеңесте Алматы облысы, Жетісу облысы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстық филиалдарының 2023 жылдың өткен кезеңіндегі жұмысы туралы, Тексеру комиссиясының жұмысы туралы, бюджеттің орындалуы мен бекітілуі туралы есеп, «Қызмет» салалық кәсіподағының жаңа наградаларын бекіту туралы және т.б. басқа мәселелер қаралды.
Кеңейтілген отырыс барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының «2023 жылдың үздік филиалы» байқауының қорытындысы жарияланды.
Айта кетейік, байқау филиалдардың 2023 жылғы кәсіподақ қызметінің нәтижелері және өткен 2 жылдағы даму динамикасы бойынша өткізілді. Байқауға Салалық кәсіподақтың 10 филиалы қатысты: Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қостанай, СҚО, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстық филиалдары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша филиалдары. Филиалдардың қызметі Конкурс туралы ереженің талаптарына сүйене отырып бағаланды.
Ұсынылған материалдарды мұқият зерделеп, Конкурстық комиссия «2023 жылдың Үздік филиалдары» конкурсының келесі жеңімпаздарын анықтады:
І орын – Астана қаласы бойынша филиалы;
II орын – Қостанай облыстық филиалы;
III орын – Ақтөбе облыстық филиалы.
Сондай-ақ, байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады:
–«Тез дамып келе жатқан филиал» аталымында Шымкент қаласы бойынша,
– «Әлеуметтік серіктестік» номинациясында Түркiстан облыстық филиалы,
– «Ақпараттық және мәдени-бұқаралық қызмет» номинациясында Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы.
Отырыс соңында қатысушылар алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындап, кейбір ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.
Әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында «Қызмет» кәсіподағының Төрағасы М.Жақыпов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асыловпен және Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдымен кездесті.
Көшпелі отырыстың үшінші бөлігінде Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы филиалдарының кәсіподақ активімен кездесу өтті. Оған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі, жұмыс беруші – әлеуметтік серіктес Рашид Мыңбаев қатысты. Кездесу барысында кәсіподақтың беделін арттыру туралы пікір алмасылды.
Кездесу соңында кәсіподақ белсенділерін құрмет грамоталарымен, медальдармен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Жұмыс сапары барысында Орталық Кеңес пен «Қызмет» салалық кәсіподақ Атқару комитетінің мүшелері Түркістан облысының басты қасиетті орындары – Отырар қалашығы, «Арыстанбаб», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне және жаңа «Керуен сарай» кешеніне барды.