Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті!

Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті!

16.02.2024 Off By Администрация сайта

Ауған жеріндегі соғыс өртіне шарпылған солдаттар мен офицерлер ерліктің, өрліктің үлгісін танытты. Әскери қызметке деген адалдықты көрсетті. Аға буынның осы ерлік жолы кейінгі буын өкілдеріне үлгі болмақ.
Сондай жауынгер біздің ортамызда.
Ол – “Қызмет” Салалық кәсіподағының мүшесі, Ұлытау облысы бойынша кірістер департаментінде адал қызмет атқарып жүрген Қаржасов Нұржан Сманович.

Жас ұрпақ Нұржан ағаны «батыр аға», «қорған аға», «қаһарман аға» деп қадірлейді.


Бүгін Нұржан Қаржасов Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толу мерекесіне орай Ұлытау облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Мейрембеков Ерен Оқасұлының қолынан Қорғаныс Министрінің Алғыс хатын және “Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл” мерекелік медальмен марапатталды.
“Жалындаған жастық шағының қымбат сәттерін оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралудың өзі, туған жермен аман-сау қауышудың өзі үлкен бақыт емес пе?
Мұны сол арпалыс алаңына тап болған жауынгерлер мен оларды отбасында үміт пен үрей құшағында тосқан отбасылар мен жақын жандары ғана шынайы түсінеді. Біз үшін әр сәт бағалы, әр күн қымбат, әрбір минут қадірлі”,- дейді біздің қаhарман.
Ия, өткен күн тарих қойнауында қалғанымен, бүгінгі ұрпаққа сабақ болары сөзсіз.
Әділдік үшін айқасып, бейбіт күн үшін білек сыбанған азаматтар ерлігі ешқашан ұмыт қалмақ емес.
Себебі, келер ұрпақ батыр бабаларымен мәңгі мақтан тұтады.