Алматыда Атқару комитетінің отырысы өткізілді
16.02.2024 «Қызмет» Салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалы осы апта басында 2023 жылдың қорытындысы бойынша Атқару комитетінің кеңейтілген отырысын өткізді.
Жиынға қатысушылар филиал төрайымы Д.Айнақұлованың баяндамасын және 2023 жылдың бюджетін орындау бойынша филиалдың бас бухгалтері А.Ақтауованың есебін тыңдады. Баяндамаларды талқылау бойынша Республикалық жедел құтқару жасағы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Клочко Е.А., «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Әбілқасымов Ө.А. сөз сөйледі. Атқару комитеті сондай ақ Салалық кәсіподақтың Жарғысына сәйкес жаңадан кәсіподақ комитеті төрағасын сайлануы бойынша бастауыш ұйымдарының шешімдерін бекітті.
2023 жыл Алматы қаласы бойынша өте мазмұнды және серпінді жыл болды. Кәсіподақ мүшелерінің қатары өсті, мерекелік, кәсіби даталарға арналған шаралар мен спорттық сайыстар, ұжымдық басқосуларды, экскурсияларды санағанда барлығы 350 дей шаралар өткізілді. «Қауіпсіз еңбек жылы» тақырыбында өткізілген өткен жылы бірқатар жүмыстар атқарылып, әлеуметтік әріптестік нығайтылды.
Алдағы 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» жариялануына байланысты, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайын және әлеуметтік қолдау бойынша тиімді іс шаралар жоспарланды.