Атқару комитетінің мәжілісі өтті
07.02.2024«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Түркістан облыстық филиалының атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудан, қала кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.
Күн тәртібінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының 2023 жылы атқарылған жұмыстардың есебін облыстық филиалдың төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева баяндады.
Атқарылған жұмыстарды қортындылай келе, өткен жылы қол жеткізген табыстардың барлығы бірлесіп- ынтымақпен атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі, 2024 жылы атқарылар жұмыстар, кәсіподақ ұйымының қызметін жетілдіру. Еңбеккерлердің еңбегі мен еркіндігін сенімді қорғау басты міндетіміз. Алда, кәсіподақ мүшелерінің қатарын көбейту, ұйымдық жұмыстарын нығайту, еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын одан әрі көтеруде тұрақты жұмыс жүргіземіз және бірге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз,-деп, кәсіподақ активіне сенім білдірді. Өз кезегінде аудандық кәсіподақ ұйымы басшылары 2023 жылы атқарылған жұмыстарын баяндап, алдағы уақыттада нәтижелі жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Атқару комитет Салалық комитеттің 2024 жылды «Қызмет» кәсіподағы –лайықты еңбекақы үшін» атауына байланысты өткізілетін іс –шаралар жоспарын бекітті.