Есеп беру-сайлау конференциясы өтті
12.01.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов «ҚР Президенті Әкімшілігі және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ есептік-сайлау жиналысына қатысты. 460 кәсіподақ мүшелерінің атынан 46 делегат қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде 15 жылға жуық кәсіподақ төрағасы болған Ғани Тілеубеков есеп беріп, басшылықты жаңадан сайланған Төраға Данабек Керімрайға тапсырды.
Мирболат Жақыпов Ғани Өтенұлына көп жылғы адал қоғамдық қызметі үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін, кәсіподақ ұйымдарының беделін нығайту бойынша үлкен жұмысты атап өтіп, одан әрі жемісті жұмыс істеуге үміт білдірді.