Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау және үздіктерді марапаттау рәсімі өтті

Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау және үздіктерді марапаттау рәсімі өтті

28.12.2023 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының «Тұран» аудан әкімі апппаратының мемлекеттік мекемесінде аудан әкімі Берік Айдарұлы Әшірбековтің және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы «Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы» №532 Жарлығына сәйкес, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне жаңадан тағайындалып, арнайы тексеруден өткеніне байланысты мемлекеттік қызметшілер: Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Елхан Орынбасарұлы Әлеш пен Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Ерасыл Ераханұлы Әлімхан ант қабылдады.
Сондай-ақ, жыл қортытындысы бойынша үздік қызметкерлер мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісі, «Құрмет» грамоталары мен «Алғыс хаттары» және Шымкент қаласы «Тұран» аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Оның ішінде: «Еңбек озаты» төс белгісімен:

  1. Досан Римма Құлайбергенқызы – «Шымкент қаласының «Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы /куәлік №43/.
    «Құрмет грамотасымен»:
  2. Ибрагимов Нуржан Ермекович – «Шымкент қаласының «Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инфрақұрылым бөлімінің басшысы.
  3. Мамыркулова Сабира Ыдрысовна – «Шымкент қаласының «Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
    «Алғыс хатымен»:
  4. Аскаров Жандос Ниязбекұлы – «Шымкент қаласының «Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы.
  5. Балганов Даурен Сыдыкович – «Шымкент қаласының «Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы.
  6. Мусабек Ермухаммед Махсатұлы – «Шымкент қаласының «Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы марапатталды.
    Жиын соңында қатысушыларды келе жатқа жаңа 2024 жыл мерекесімен құттықтап, отбасыларына зор денсаулық, мол бақыт тіледі.