Баршаға бір әлем!
27.12.2023Осындай тақырыппен Алматы қаласы «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушыларға арналған мерекелі басқосу өткізілді.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері жыл сайын 3 желтоқсанда Халыкаралық мүгедектігі бар жандар күні аталып өтеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – осындай адамдардың құқығын қорғау және олардың қоғамның өміріне араласу мүмкіндіктерін кеңейту.
“Қызмет” Салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиал төрайымы Д.Айнақұлова қоғамдық негізде – «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»мекемесінің бақылау кеңесінің төрайымы.
Қызмет алушыларға да, сонымен бірге ерекше балапандарды тәрбиелеп отырған кәсіподақ мүшелеріне де, қолдау көрсетіп келеді. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі аясында” Аяз атаға хат” акциясы ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйланды.